Жаңалықтар
15-08-2019, 11:14
ШОТАН БАҺАДҮРБасынан қысқаша бастасақ, Шотан батырдың жерленген жерін тауып ұрпағына аманат қылған Сүйебаев Қаби бастаған әкелеріміз. Рухани жаңғыруды бұл кісілер ертерек бастады. Бірнеше жыл тынбастан іздеп, «Маңғыстау пантеоны» Сисем Ата қорымынан тапты (бұл да бір ұзақ әңгіме…)
Бірнеше маңғыстаулық әдебиет-мәдениет жәнебелгілі қоғам қайраткерлері, араб тілін өте жақсы меңгерген мамандаржауапкершілікпен растап, қабірін толық моральды зират етуге рұқсатын берді. Естеріңізде болар, 2005 жылы Республикалық деңгейде Шотан батырдың 300 жылдығы тойланды.
Соңғы уақытта тарихты ғаламтор желісіне дәлелсіз жазушылар көбейіп келеді, дәйексіз айқай-шу үдеп барады... Ешқандай ізденбестен, барды жоққа айналдырып отырғандай. Ал тарих, ол кім-көрінген тұмсық сұға беретін жер емес. Тарихқа бару – қастерлі шаруа, қасиетті іс...
Сондай кеселді әңгіменің біріШотан батыр жайында. Күллі ел әлдеқашан даңқына күмәнсіз бас ұрған ерен батыр жайлы дәлелсіз, қисынсыз пікірсымақтардың айтыла бастауы халқына, қазағына дос адамдарды тіксінтпеуі мүмкін емес! Тірісінде-ақ «әулие» атанған ақынБалтабасұлы Түменнің Шотан батыр туралы жырлағанын бұрысқабалап, көзге шыққан теріскендей етуде. Өмірі қуғын мен айдауда өткен шайырдыңкеңес өкіметінің қыспағынан бойын жазаалмай, ұрпаққажырменжеткізгеншумақтарын ендігі буынның «ревизиялап», теріс тәпсірлеуі қандай жора, нендей жосыққа келеді?!Неге біздің қоғам батыр аталарымыздың атын «өшіргісі» келеді? Айтып-жазып жүргендер, ұрпаққа теріс насихат жүргізіпжатырғанын, керек болса, отанына опасыздық етіп бастағандарын түсіне ме екен? Олардың кейбірі Маңғыстауға адайлар қоныстанған кезде Шотан батырды «он жасар бала болған» десе, екіншісі, тіпті ол адамның батырлығын, ерлігін жоққа шығарғысы келеді. Ондай тыртақай «тарихшы», жыртақай «шежірешілердің» жиналған жерде айтатындары: «Менің атам бірінші батыр», «менің атам осы жерге бірінші келді» деген сияқты өнбес дау, берексіз бәдіктік болып кеткен тәрізді. Мұның бәрі сананың балаңқылығын, пайымның таяздығын, иманның әлсіздігін ғана көрсететін әрекет. Олар өздерінің бықсыған пікірсымақтарын елдің алдында, қоғамдық орындарда ашық айта алмай, өзара жасырын сыпсыңдасады. Әлеуметтік желілерде әулекіленеді... Ендеше осыларға сабақ болар ма екен деген ниетпен мен де бір-екі ауыз пікір қосқанды жөн көрдім...
Әуелден ел аузында «Маңғыстау жеті жұрттың жерленбей кеткен жері» дейді. Бұл қасиетті өлкеге тарихтың талай бұралаң-бұлталаңында небір ұлт-ұлыстар келіп-кеткені әмбеге аян. Ресей елінің тарихи мұрағаттарында (архив) қазақтардың Маңғыстауға қоныстанған кезін шамамен 1750-1755 жылдар деп жазады. Орыс экспансиясының бір буыны ретінде жүргізілген бұл зерттеулерде орыс экспедициясының өкілдері Маңғыстауды зерттеуде де аса ыждаһаттылық танытқан. Көп зерттеген және тұрмыс жағдайларын сурет қылып та салған. Ол әрекеттердің бәрі кезінде империя саясатына қызмет етсе, енді біздің пайдамызға шығуда. Әр мәселенің жақсы да, жаман да жағы бар деген сөз осындайда айтылса керек. Ресейдің отарлаушы өкіметі империялық астамдықпен қазақты «киргиз-кайсак» немесе «киргиз» деп атағаны сол материалдардың атауларының өзінен де көзге ұрады: Р.Карутць. «Среди киргизов и туркменов» на Мангышлак. 1911 г.»
Адайларға, шамамен, 1750 жылдары Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл жері тарлық етіп, Үстірттің кеңжазығына қарайығысып, жаңа қоныс іздеуге тура келеді. Ықтысыны жоқ Үстірт жазығы кысқа қарай қонысқа онша оңтайлы болмаған. Алпыс кісі Адай Есенқұлдың Есегі бастаған, ішінде Шотан батыр бар, қарнауға келіп, теңізге қарай барлау жасаған. Шыңның ернегін жағалай отырып, Манатаға жеткенде батырлар Хиуа әскеріне кездеседі. Сол жерде кішігірім соғыс болады. Соғыста екі жақтан аздаған адам өледі. Көп ұзамай адайлар бұл жерге қалың әскермен қайта келеді. Хиуалықтар да қарап қалмай, әскерін жинақтап тас түйін отырған болып шығады. Соғыс басталып, көптеген кісі ажал құшады. Хиуа әскері қашады. Сонда Шотан батыр: «Қашқан жауды қумаңдар! Енді өздері де бұл жерге ұзақ тоқтай алмас» деген екен. Бұл ұрысты атышулы Қашаған ақын жырға косады:
Екі жақ та айқасып,
Ұрыстың болды ұлысы.
Қатар-қатар тұрысып,
Саржаның тартты кірісін.
Бөріктер ұшып торсылдап,
Біреулер қалды қорсылдап,
Қай жақтан да ер өлді,
Аз өлмеді, көп өлді.
Бұл соғыстан басқа да адайлар мен түркмендер арасында көптеген шайқастар болған. Тарихи еңбектерге сүйенсек, шамамен он жылдың ішінде Маңғыстауда адайлар, түркменнің абдал рулары мен аздаған қожа-түркмендер қалғаны көрсетіледі. Байқасаңыздар, бұл кез адай қазақтары әлі Маңғыстауға келмей тұрып, келу мақсатындағы «барлауда» болғанұрыстар екені байқалады. Алпыс кісімен де жаудың бетін қайтарып отырған. Шынында да, адайларда әскердің аз болғандығын, Маңғыстау тұрғыны жасы жүзге таяған 1941-1945 ж.ж.-ғы соғыс ардагері, қариямыз Қайыр Қыдырбаев ақсақал растағандай. Ол кісі бір әңгімесінде: «Жарықтық Шотан Маңғыстауға алпыс үйді алып келіп қоныстандырғанда, «бес жүз сарбазым болса, ешкімнен көмек сұрамас едім» деп айтқан екен», – деді. Тағы бір жиында, әңгіме үстінде батыр аталарды айтып отырған кісілер Назарұлы Шотанды да айта кетті. Ақсақалдар Шотан батыр жерге найзасын қадаса, басқа адамның сол найзаны суыруға қиналып қалатынын айтып, таңданып отырды. Cол кездегі найзалардың салмағы 48 кг. болған екен (С-Петербург мұражайы деректерінен алынды). Сол найзаны бір қолмен көтерген аталарымыз, шын мәнінде, алып болғаны ғой. «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» деген сөз осыдан айтылған болар.
Көне көздерден жеткен әңгімелерде, жауға шапқанда Ер Шотанның екі иығында екі жолбарыстың жүретіні айтылады. Бұл әңгімені Құлсары тұрғыны, жасы жүзге келген, қазір де көзі тірі Әбдірахманов Абдулла қариямыз одан ары тірілтеді. Ол кісі аталарынан естіген әңгімелер бойынша,Шотанның әруақты батыр болғанын, оның екі қолы жауына жолбарыс болып көрінетінін айтып жеткізеді. Қай соғыс болмасын, қалмақпен де, түркменмен де соғысқанда өнемейіжеңіске жете бергенін айтады. Түркмендер соңына көп түскен екен және «Шотан келе жатыр-мыс» дегеннен жауы ығысып отырған дейді. Бұл жөнінде де ел аузында әңгіме көп. Ел көкірегінде тәмсілдей болып кеткен: «Маңғыстауды қазаққа алып берген – Атағозының қабағының сұсы, Ер Шотанның мысы (қаһары), Лабақтың күші, Саназардың «тіл таңбалы» күрең атының тұяғының ұшы» деген сөз дала тарихнамасының жылнамасындай естіледі. Әрине, Құдайдан қорқатын, әруақтан именетін, халықтан ұялатын адам үшін солай, ал ол тіркестің ішінен өз атасын «таппай» қалған имансыз қаукөкірек көргенсіздер үшін бір бос сөз!
Сондай-ақ, қазақтың Бас ханы Әбілқайыр баһадүр ханның Шотан ерлігіне сүйсініп: «Алланың бізге жіберген жәрдемшісі, калмақтың жаналғышы десеңші!» деген ризашылық сөзі де кәріқұлақ қариялар арқылы бізге жеткен. Хан тегін сөйлеген бе, тегін сөйлесе Хан болар ме еді?!
Негізінде, аталарымыз соғысқұмар болмаған, бөтен жерге шүйілмей, дұшпандарының өзін жиі ымыраға шақырып отырғаны бәріңізге мәлім. Себебі Ресей мұрағаттарындағы жазбалар және ескі суреттер де осынырастайды. 1930 жылғы ашаршылыққа дейін қазақ пен Маңғыстауда қалғантүркмендер 150 жылдың үстінде тату тұрғаны да тарихи деректерде көрсетіліп жазылған. Бұл қолдан жасалған аштықтың кесірінен ел-жерінен безіп, бүкіл қазақтың шежіресін жоғалтқаны сізге де айдан анықтарих болса керек. Ашаршылық кезде бұл татулықтың көмегі тиген болар, шекара асқан аталарымызды, бала-шағасымен, басқа көршілес елдер өзжеріне сыйғызғанын да білесіз.
Шотан батыр хақында заманымыздың кемеңгер тұлға, кемел қаламгер, сұңғыла тарихшысы Әбіш Кекілбайұлы «Ұйқыдағы арудың оянуы», «Дуадақ қонған боз төбе» зерттеу еңбектерінде, «Үркер», «Елең-алаң» романдарында зор ілтипатпен жазды. Белгілі жазушы Құрал Тоқмырзаұлы (1937-2014) өзінің «Әулие Әжібай бинемесе дала данышпандары» кітабындаӘбілхайыр ханның тұсында жау болса жауға, дау болса дауға түскен қазақ батырлары Адай Жары Шотан, Табын Бөкенбай, Тама Есет, Ақкете Алтай, Құттығай, Жұлдыз батырлар дей келе: «Ертеңгісін екі қосын аттанған, оның бірінадай Шотан,екіншісін кете Алтай батыр бастап кеткен, соныңішінде кете Құттығай батыр да бар» деп жазады. Ізденген адамға, басқа да қазақ батырларымен бірге «Адай Жары Шотан» батыр есімі кітаптар, журналдар, газеттер беттерінде жиі кездеседі. Оларды Қазақстанның кез келген кітапханаларынантабуға болады. Қазір тарихшылар Ресей қалаларын аралап, ізденіп, қазақтың, оның ішінде Адайдың бірнеше батырларын тапқан. Cолардың қатарында «Шотанбаһадүр» бар екенін растады және біреу емес бірнеше деректерде Шотан батыр есімі Орынбор, Москва қалаларының мұрағаттарында да кездескен. Бұл тарихшылар күндіз-түні ізденуде, батыр аталарымыздың бізге беймәлім болып келген талай ерлік істері әлде де айтылып-жазылары сөзсіз. Іздену себептері – дәлелсіз әңгіме жазбау, өтірік тарихпен ұрпақтың бетіне перде тұтпау мақсатында екендігі сөзсіз. Әрине бұған көп уақыт қажет. Алысқа бармай-ақ, осы өзіміздің маңғыстаулық белгілі ақын-жазушыларымыз Шотан батыр туралы көп жазды.
Жоғарыда Әбіш Кекілбаевтың, Құрал Тоқмырзиннің еңбектерін тілге тиек еттік. Жерлесіміз, ҚазМҰУ-дың профессоры филология ғылымдарының докторы Жұмат Тілепов, қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, белгілі режиссер Доқтырхан Тұрлыбектер батыр атамыз жөнінде зерттеу мақалалар жазса, жаңаөзендік Жоламан Айдарбаев «Шотан батыр» атты хикаят жазды. Қ. Рейімбайұлы «Шотан батыр», Б. Төлеуғалиұлы «Бас Сардар» кітаптарын жариялады. Светқали Нұржан 2001 жылы «Хан кегі» атты көлемді тарихи дастанды дүниеге әкелді. Дастанның шешуші кульминациясын Шотан бастаған адай батырларының ересен ерлік ісімен түйіндейді. Оның осы дастан негізінде жазған «Хан кегі» пьесасы (ақпан, 2018ж.) Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы драма театрында табыспен қойылуда. Онда да батыр баба образы ерекше тұлғаланған. Қойылымда Бопай ана мен Шотан, Саназар, Арғынбай, Айбас батырлардың, Абыз, Саназар, Қарпық сынды билердің қиын-қыстау сәтте жол тапқан әрекеттерін өте тамаша көрсетті. Бұл қойылымда 1748-1750 жылдары болған күрделі де күрмеулі тарихты аса шеберлікпен суреттеді. 1748 ж. Әбілқайыр ханға Ресей империясының айдап салуымен сатқындық жасалып, баһадүр ханның қастандықпен опат болғаны мәлім. Сол жауыз күштер тарапынан қапысыз ойластырып жасалған оқыс оқиғадан кейінгі орыс губернаторларының және қазақ билеушілерінің бір-бірімен қайтіп, қалай хат алмасқандарын аталмыш дастаннан оқып-біле аласыз. Дастанның әр бөлімі Ресей тарихи-мұрағатарынан алынған нақты дәлел-дәйектермен бекітіліп, қазақша айтқанда, шегеленіп отырады. Ал адай батырларына қатысты мағұлматтардың да қандай дерек-көздерден алынғаны нақты айтылады. Бұл еңбектердің жылдарға созылған ізденістер мен толғаныстардың ізгі нәтижесі екені сөзсіз. Әрине мұндай үлкен дайындықпен, нақты тарихи дәлелдер арқылышеберлікке суарылған игі ізденістерден туған дүниелер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ақиқат шындықтарды келер замандарға жеткізе беретіні күмән туғызбаса керек. Ал кешегі алмағайып заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өткен батыр бабаларды бір-бірімен «бәсекелестіргісі» келіп жүрген ішіне шынтақ айналмайтын бүгінгі күннің «белгісіз бекбикелерінің» балдыр-батпақ, шалдыр-шатпақтары уақыттың шаңымен бірге сүртіліп ғайыпқа кетеді...
«Жер-судың аты – тарихтың хаты» демекші, күні бүгін де Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Шотан батырдың атымен аталатын«Шотан» өзені, «Шотан қырған» деп аталатын тау сілемдері бар. Ер бабаның атымен Мемлекеттік «Шотан өзені» белгісі қойылған. Бұл аймақта қалмақ-жоңғарлармен соғыс болғаны елдің бәріне мәлім. Бұл жерлер жөнінде Шоғы ұрпағы Іскендір Қарбаев өз мақаласында жазды. Тағы бір жазбаларда Ұлы жүз батыры Саңырақ, ерліктері үшін Назарұлы Шотанға алмас қылыш және күмістен ер тоқым бергенін жазады. ҚР тарихи энциклопедиясынан да Шотан батыр өзінің орнын тапты (9-том). Міне, ағайын, бұның бәрін тарихшылар мен қаламгерлер оқып-ізденіп дәлелмен жазған. Мен де шама-шарқым жеткенше, азғана оқып-түйгенімді жеткіздім.
Назарұлы Шотанды «батыр болмаған» немесе «ол кезде жасы ондағы бала екен» деп әр жерде «пікір» айтып-жазғанды қоялық. Ол – әулиеге тас атқанмен тең қасиетсіз іс. Ешкім ақиқаттан үлкен емес. Ұрпақ өсіріп отырған, олардың келешегінен үміті бар әрбір есті азамат ондай өсиетсіз сөзден, қасиетсіз істен аулақ жүргені абзал...
Біздің кейбір ақсақалдарНазарұлы Шотан батырдан кейін туылған, батыр атамыздың құрметіне қойылған басқа да Шотан есімді адамдармен НазарұлыШотандышатастыратын сияқты. Солардың бірі Есек-Мерген ұрпағы ШотанСүгірәліұлы. Бұл атамыз да Назарұлы Шотан батырдың есімін алып, елін-жерін корғап ізін жалғастырған дейді. Бұл кісіні сұрасаңыз, өз ұрпағы білетін болар, басқа білетіндер жоқтың қасы. Білмегендіктен осындай шатастыру әлі де айтылып-жазылып жүр. Шотан Назарұлы Есенғұлұлы Есек-Мергенге тете ізбасар батыр болса, Сүгіралыұлы Шотан олардан жүз-жүз елу жылдай кейін өмір сүрген. Сондықтан мұндай жоқ жерден іріткі туғызудың, «қойдың шарын қоянның шарына қосудың» еш мәні жоқ, одан тек өзің ғана ұтыласың. Өйткені Ер Шотан – өзінің ерлік істерімен ұлт-ұрпақ санасында мәңгі таңбаланып қалған ерен тұлға! Шотан есімін иеленген игі-жақсылар көп болған. Солардың бірі 30-жылдардағы аласапыранда Иранға өтіп кеткен Ескелді Торышұлы Шотан ахун. Мешітінің қабырғалары атақонысы Өгіз-Өреуілде әлі тұр. Ертең, ол кісінің де көшіп келген бір ұрпағы атасын Ер Шотанмен шатастырып жүрмесіне кім кепіл?! Біз мұны осындай өрескелдектер кейін тағы орын алып жүрмеуі үшін әдейі қадап айтып отырмыз. Қазіргі өлермен өзімбілемдік пен өзімшіл көрсоқырлық осындай уәж айтқызуға дейін жеткізіп отыр! Осындай көрсоқырлықтардың тамыр жайып бара жатқаны қорқытады. Амалсыздан айтуға тура келеді, 500 жыл бұрын өмір сүрді делінетін Қосайұлы Бәлидің моласы деп, күні кеше дерлік (1881 ж.) салынған Кенже-Жеменей Рай Бәйімбетұлының күмбезіне таласып жүрген, т.б. осыған ұқсас, елдің берекетін кетіретінкелеңсіз әрекеттердің тым көбейіп кетуі бізді алаңдатады...
Берісі күллі қазаққа, әрісі бүкіл адамзатқа өздерін танытқан әйгілі жазушылар мен тарихшылар «Адай Жары Шотан»деп бұл тарихтың әлдеқашан нүктесін қойған. Менің айтайын дегенім, ұрпақтың санасын улайтын, ағайындар арасын бір-біріне араздастыртын, «менікі бірінші, сенікі екінші» деген «өспейтін ұлдың өнбейтін» әңгімесін доғарып, аталарымыздың батырлығы мен ерліктерін жұмылажазайық. Егер бұл арсыздықтан тыйылмасақ, сол өзіміз «ұлықтамақ» болып отырған әруақты бабаларыңның өзі сені желеп-жебей қоймасы анық. Ал өлі жебемеген жерде, тірінің оңғаны бар ма?!
Мен бұрын-соңды «қағаз күйелеген» жан емеспін. Бірақ «елім» деп еңіреп өткен ер бабаларды қабірлерінде тыныш жатқызбай, түрлі имансыз сөздер әлеуметтік желілерде тым көбейіп бара жатқасын шыдамай қолыма қалам алдым. Ескертпесем, менікі арсыздық болар деп есептедім. Мақаланың аты «Шотан баһадүр» деп жазылса да, Назарұлы Шотанатамызбен бірге бірнеше ел қорғаған ерлердің естілмеген есімдері жазылды. Ұрпақ үшін аттан түспей, атамекен жер үшін бүкіл ғұмырын сарп еткенбатыр аталардың есімдерін жаңғыртайық, ағайын. Құрмет тұтайық. Ұлықтайық. Аталар бізді әлі де желеп-жебеп жатырғаны сөзсіз. Олар желеп-жебемесе, біз сияқты көкірегі аяққаптай, кісілігі шынжау, өздері әлжуаз ұрпақ мына дала, мына мемлекетке ие болуы неғайбіл...
Маңғаз дала Маңғыстауда ашылмаған тарих көп. Кімнің атасы болса да, әділеттен аттамай, ақиқаттан адастырмай, ізденіп осындайбілген-түйгеніңізді жазып тұрсаңыз, біздер үшін жасаған аталарымыздың ерлігі ұрпаққа үлкен сабақ болар және шежіре-тарих мәңгіге жалғасып ұмытылмас.
Сөзімді жас айтыскер Ф. Мұсаевтың өлеңімен түйіндегенді жөн көрдім:
Маңғыстау – Бабам қонған атырабым,
Білетін жақын түгіл жаты бәрін.
Бұл жерге алпыс үйді бастап келген
Шотанның алты алашқа аты мәлім.
Орыс пен Хиуадан салық алып,
Қорғапты Сүйекемдей батыр арын.
Орысқа ойран салған Ер Досанның
Білеміз мың кісіге татығанын!..
R.S. Қате жазсам, Сіз түзетерсіз, кем жазсам, Сіз толықтырарсыз! Әрқайсымызға Алла – жар, әруақ медет болғай!
Бүгінгі күні «Шотан батыр» қоры жұмыс жасап тұр, келем деушілерге есігі ашық.
Бәріңізге сәттілік, ағайын!
Жұмабек ҮСЕНҰЛЫ
Маңғыстау газеті
11 сәуір 2019 ж.
16-11-2018, 10:10
Шотан Назарұлы атындағы дзюдодан2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы
IV республикалық ашық турнир.
23-04-2018, 17:12
Ел басына күн туған қилы кезеңдерде елім, жерім деп өткен ерлер ержүректілік пен қайсарлықтың, шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп, келер ұрпағына Тәуелсіздікті тарту етті. Батыр бабаларымыздың бойына сіңген ұлттық рух қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға, жауға қарсы тұруға, ұлан-ғайыр жерімізді, еліміздің тұтастығын қорғауға жігер берді. Жоңғарларға қарсы шайқаста жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған ержүрек батырларымыздың ішінде Шотанның есімі ерекше аталады.20-02-2018, 16:33
Қазақ халқының тағдырын шешкен осы шайқаста Ұлы жүз бен Орта жүздің батырлары Өтеген, Сәмен, Қойкелді, Сауырық, Хангелді, Бөгенбай, Жәнібек, Қабанбай, Жауғашармен бірге, Кіші жүз қолын Тама Есет, шекті Тайлан, адай батыры Шотан, тағы да басқа батырлары басқарып, үлкен ерлік көрсетті.20-12-2017, 17:54
Шотан Батыр құрметіне дзюдо күресінен ашық Республикалық турнир өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін турнирге 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер қатысты. Додада жеке және командалық құраммен 250 балуан сынға түсті.20-12-2017, 17:49
17 декабря ко Дню Независимости РК на спортивной площадке «Мангыстау арена» завершился 3-й республиканский открытый турнир по дзюдо среди юношей 2000-2001 года рождения. В турнире приняли участие свыше 200 спортсменов из городов Семей, Кульсары, Тараз, Актобе, Актау, Жанаозен и районных центров Мангистауской области.18-12-2017, 17:01
Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел қорғаймын деп атқа қонған айтулы ерлердің бірі – Шотан Назарұлы. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбей, Өтеген батырлармен бірге қиян-кескі соғысқа кіріп, батылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен және тығырықта жол таба білетін ақылдылығымен Әбілқайыр, Абылай хандардың ықыласына бөленіп, Кіші жүздің бас сардары сайланған ол қазақ ауылдарын Маңғыстауға бастап келуімен де ерекшеленеді.16-12-2017, 17:57
В память народному батыру Шотан Назарулы к празднику независимости страны в спортивном комплексе города Актау «Маңғыстау- Арена» проводился III республиканский открытый турнир по дзюдо среди юношей 2000-2001 года рождения.1-03-2017, 18:03
Сегодня вместе с республиканским праздником Днем благодарности в Актау отмечают первый день весны. В этот день в областном роддоме появились на свет шестеро новорожденных – 2 мальчика и 4 девочки. По такому случаю, в этот знаменательный день городской акимат организовал специальное мероприятие, чтобы поздравить молодых мам с первенцами.