Шотан 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылында дүниеге келген. Ер Шотан XVIII- ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ халқының басына түскен ауыр қайғы - «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама » қасіретін әкелген жоңғар шапқыншыларының, Еділ ойраттарының талқандалып, елдің кегі қайтарылу, ақыры жоңғар мемлекетінің тарих сахынасынан жоғалуы кездерінде қол бастап, Әбілқайыр ханның сенімді баһадүрлерінің қатарынан орын алды.
Маңғыстау - үш қиянның өткен жері, Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері. Елеспен есі кеткен иесіз жерді, Атамыз Адай мекен еткен жері. Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды, Төлдейтін төрт түліктің өскен жері. Бөлініп басқа елден қоныс қарап, Ел болып, ірге қоныс тепкен жері. Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп, Аға деп Әжібайға бата айтқызып, Той жасап, Адай туын тіккен жері.
(Түмен Балтабасұлы)
Шотан Назарұлы атындағы дзюдодан ІІІ республикалық турнир 1